Жарияланған күні: 19.06.2015 12:53
Өзгертілген күні: 20.08.2019 12:54

Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының 57-3-бабын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есептелінген өсімпұл сомаларын есептен шығару және 2018 жылғы мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттерді қоспағанда, төленген күніне дейінгі, оны төлеу күнін қоса алғанда 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезенінде салық міндеттері бойынша туындаған бересі сомасына есептелген өсімпұл сомаларын, сондай-ақ 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он бес жылдан астам дербес шотта есептелінген бересі сомаларын және оны есептен шығару күніне дейінгі, көрсетілген бересі сомасына есептелген өсімпұл сомаларын есептен шығару қағидалары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 797 бұйрығымен бекітілген.

Қағидалар нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 2 тамызда жарияланған және 2019 жылғы 13 тамызынан қолданысқа енгізіледі.

Салықтық рақымшылыққа азаматтардың екі категориясы жатады.

Бірінші категория – орындалмаған салықтық міндеттемелері бар жеке тұлғалар (көлік салығы, мүлік салығы, жер салығы, жеке табыс салығы, жер учаскесін қолданғаны үшін төлем, және жеке тұлғаның басқа міндеттемелері). 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеніне салық міндеттері бойынша туындаған бересі сомасына төлеген жағдайда, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есептелінген өсімпұл сомалары, сондай-ақ күніне дейін, есептелген өсімпұл сомалары рақымшылыққа жатады.

1-ші мысал. Жеке тұлға мүліктік табысын алуға байланысты 2017 жылы жеке табыс салығы бойынша мағлұмдамасын 2016 жылға 500 000 теңге сомасына тапсырған. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ЖТС бойынша негізгі қарыз сомасы толық төленген, бұл ретте 100 000 теңге өсімпұл сомасы төленбей қалған. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өсімпұл сомасы 100 000 теңге, рақымшылыққа жатады.

2-ші мысал. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушіде салық берешегі жоқ. Мемлекеттік кірістер органымен 2019 жылғы 1 наурызда 2016-2018 жылдар бойынша көлік салығы есептелген, осыған байланысты, салықтық берешек пайда болды және өсімпұл есептелген. Салық төлеуші негізгі қарыз сомасын 2019 жылғы 1 тамызда толық төлеген. 2019 жылғы 1 тамызда есептелген өсімпұл сомасы, рақымшылыққа жатады.

3-ші мысал. 2018 жылғы 1 желтоқсанда жеке тұлға 2017 жыл бойынша мүлік салығын есептелген өсімпұлмен төлеген. Осылайша, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушіде мүлік салығы бойынша салық берешегі жоқ. Заңның және Қағидалардың нормаларына сәйкес төленген өсімпұл сомасы рақымшылыққа жатпайды.

Жеке тұлғалардың бірінші каттегориясы бойынша дербес шоттарға,  2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңі үшін толығымен есептеуді   түгендеу жүргізгеннен кейін өсімпұлды есептен шығару жүргізілетініне назар аударамыз.

Екінші категория – кәсіпкерлік қызметі бойынша (қосымша құн салығы, әлеуметтік салық және басқалар),  жергілікті ақпарат жүйесінен «БСАЖ» АЖ-не өткен кезде, он бес жыл бұрын пайда болған жаңылыс салықтық берешегі бар, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғалар. Бұл ретте осындай жеке тұлғалар бұрынырақ кәсіпкерлік қызметпен айналысқандары туралы ақпарат мемлекеттік кірістер органдарында жоқ. Бұл категория бойынша салықтық берешектің барлық сомасын есептен шығару қажет.

Осылайша, салықтық берешекті есептен шығару үшін үш талапқа сәйкестік қажет:

  • бұрын жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлға;
  • кәсіпкерлік қызметі бойынша (қосымша құн салығы, әлеуметтік салық және басқалар) салықтық берешегі бар;
  • кәсіпкерлік қызметі бойынша жоғарыда көрсетілген берешек он бес жылдан артық есептелген.