Жарияланған күні: 08.05.2015 19:46
Өзгертілген күні: 08.05.2015 20:05

Заңды және жеке тұлғалар үшін алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға, көтерме және бөлшек саудада сату қызметіне лицензияны алу үшін қажетті құжаттар бойынша

ЖАДЫНАМА

 

 

 

  1. ЗТ және ЖТ. ҚР Үкіметімен бекітілген нұсқа бойынша өтініш.

 

  • Көтерме саудаға және сақтауға өтініш ЗТ және ЖТ-ның тіркеу орны бойынша әрбір қызмет етуші объект бойынша нақты мекен-дай бойынша беріледі. Лицензия иесіздендіруге жатпайды.
  • Бөлшек саудаға және сақтауға өтініш қызмет ету объектісінің орналасқан жері бойынша беріледі. Лицензия иесіздендіруге жатады.

 Назарларыңызды аударамыз:

Лицензияны иесіздендіру – лицензияны объектінің иеленушісінің ауысуы жағдайында басқа жеке немесе заңды тұлғаға оның квалификациялық талаптарға сәйкестігін тексеру жұмыстарын тексерместен лицензияны қайта рәсімдеу мүмкіндігі;

  1. ЗТ және ЖТ. Берілетін құжаттардың тізімдемесі (лицензиатпен жасалады)
  2. ЗТ. Өтінім білдірушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі  туралы куәлігі. Салыстыру үшін төлқұжатты бермеген жағдайда нотариалды бекітілуі тиіс
  3. ЖТ. Жеке куәліктің көшірмесі; Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу куәлігі, салыстыру үшін төлқұжатты бермеген жағдайда нотариалды бекітілуі тиіс;
  4. Орналасқан жері бойынша 105402 кодына сәйкес қызмет түрімен айналысатын құқық беретін лицензиялық алымды төлеуді растайтын құжат;

Алкогольдік өнімдерді сақтау және оны көтерме сату қызметімен айналысатын тұлғалар үшін алым – 200 АЕК-ті құрайды (1 АЕК -1982 теңге).

Алкогольдік өнімдерді сақтау және оны бөлшек сату қызметіне алым әр қызмет объектісіне төленеді және әкімшілік-аумақтық бірлігіне қарай дифференцияланады:

Астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – 100 ЕАК (Есептік айлық көрсеткіш);

аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде - 70 ЕАК;

ауылдық елді мекендерде - 30 ЕАК.

 

Назарларыңызды аударамыз:

Салық Кодексінің 472 бабының 2,3 тармақтарына сәйкес, алкоголь өнімін көтерме және бөлшек саудада сату қызметіне лицензиялық алым жыл сайын қызметтің әрбір объектісіне, сәйкес қызмет түрін іске асырудың бірінші жылын қоспағанда, ағымдағы жылдың 20 қаңтарына дейін төленеді

Жауапкершілік.

ҚР ӘҚБК-нің 282 бабының 8 тармағына сәйкес,  жыл сайынғы лицензиялық алымды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде  белгіленген мерзімдерде және мөлшерде төлемеу –
тиiстi қызмет түрiне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, сәйкес қызммет түріне лияцензияның қызметін тоқтатылуымен бірге  әкеп соғады.

  1. ЗТ және ЖТ. Тіркеу органының тіркеу жүргізілгені туралы белгісі бар құқық беру құжатының көшірмесі, тіркеу жүргзілгені туралы хабраламаның көшірмесі – құқықтық кадастр ақпараттық жүйесі арқылы тіркеу кезінде (жалға беру келісім-шартының көшірмесі немесе ақысыз пайдалану – келісілген жағдайда).
  2. ЗТ және ЖТ. Тұрақты үй-жайдың болуы туралы құжаттардың көшірмесі (базарлардың сыртында, денсаулық сақтау ғимараттарында және олардың аумағыда, дене шынықтыру-емдеу, спорт және спорттық-техникалық құрылыс орындарында, жанармай құю станцияларында, сауда базарларында мәдениет-демалыс ұйымдарының сыртында орналасуы тиіс (тұрақты мекен-жайға техникалық төлқұжаттың көшірмесі, ХҚКО-нан ауыртпалықтар туралы анықтама )

Назарларыңызды аударамыз:

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, мәдени-демалыс ұйымдары - қызметi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен реттелетiн күнделiктi көпшiлiктiң араласу (клубтар, мәдениет және демалыс парктерi, мәдениет үйлерi мен сарайлары, халық шығармашылығы орталықтары (үйлерi) және басқалары), жеке адамды, көркемөнерпаз халық шығармашылығын дамыту орталықтары болып табылады.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 1 бабының 14) тармақшасына сәйкес, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары – жеке адамдардың дене жаттығуларымен, спортпен айналысуына және спорттық іс-шараларды өткізуге арналған, арнайы жабдықталған (соның ішінде спорттық мүкаммалмен) объектiлер (алаңдар, үйлер, ғимараттар);

 

  1. Қосымша бойынша көрсетілген деректер нұсқалары

а)  Фискалды жады бар бақылау-кассаплық апараттың бар болуы туралы деректер

б) Өлшеу бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттің жүйелерінің талаптарына сәйкес тексерілген алкогольдік өнімдердің температуралық-ылғалдылығы бойынша сақтау шараларын бақылауға мүмкіндік беретін құралдардың бар-жоқтығын растайтын деректер (сертификат, счет-фактура, тексеру графигі).

в) коммуникацияның бар-жоқтығын растайтын мәліметтер (тұрақты үй-жайда сумен қамтамасыз ету, электр энергиясымен қамтамасыз ету және  канализация).

  1. Лицензиар лицензияны алуға өтініш берушіден құжаттарды тіркегеннен бастап 10 жұмыс күні ішінде квалификациялық талаптарға сәйкестігін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы»  Заңының 10 бабына сәйкес басқа да бақылау нұсқаларын жүргізу арқылы анықтайды.
  2. Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға, көтерме және бөлшек саудада сату қызметіне лицензия өтініш тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде беріледі.

 

Ескертпе

ЗТ – заңды тұлға

ЖТ – жеке тұлға