Жарияланған күні: 06.01.2016 11:22
Өзгертілген күні: 06.01.2016 11:25

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Украинадан Қазақстанға бағыт алған тауарларды тасымалдау шарттарының өзгергені туралы хабарлады

 

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Украинаның Еуропа одағымен қауымдастығы туралы келісім еркін аймағын құру туралы бөлігінде күшіне енді. Аталған Келісімге сәйкес ЕО пен Украина арасында өзара сауда кезінде тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану бөлігінде кейбір жеңілдіктер көзделген.

Ресей Федерациясы Президентінің Жарлығына сәйкес аталған шараға жауапта, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресей Украинаға қатысты 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург  қаласында қол қойылған Еркін сауда аймағы туралы шарттың қолданылуын тоқтатты.

Сондай-ақ 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресей шығарылған/жөнелтуші елі Украина болып табылатын ауыл шаруашылғы өнімдерін, шикізат және азық-түлік тауарларын Ресей Федерациясының аумағына әкелуге тыйым салды. Аталған тыйым салу ЕО, АШҚ, Канада, Аустрия және Норвегия елдерінен де көрсетілген тауарларға қатысты қолданылады.

Жоғарыда көрсетілген мәселені реттеу үшін 2015 жылғы 24 желтоқсанда Астана қаласында Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы кеден органдарының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органының қатысуымен кездесу өтті. Онда Украинада Қазақстанға транзитпен өтетін жүктердің Ресей аумағы арқылы тасымалдау бойынша бірлескен бақылау мәселесінде өзара іс-қимылды ұйымдастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын жекелеген тауарларды кедендік бақылаумен қамтамасыз ету мақсатында, ҚР ҚМ МКК 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №807 бұйрығымен 3 өткізу пункті (2 автомобиль, 1 теміржол) айқындалды.

1. Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызмет аймағында орналасқан «Қайрақ» ХАӨП (Челябинск кеденінің «Бугристое» ХАӨП шекаралас);

2. БҚО бойынша қызмет аймағында орналасқан «Сырым» ХАӨП (Самар кеденінің «Маштаково» ХАӨП шекаралас);

3. БҚО бойынша қызмет аймағында орналасқан «Жайық» теміржол жүк-жолаушылар өткізу пункті («Озинки» ТХАӨП шекаралас);

Ресей Федералдық кеден қызметінің деректері бойынша автомобиль көлігімен келе жатқан барлық жүктердің ағыны міндетті түрде алып жүруге жататын болады. Бұл ретте импорттаушының немесе тасымалдаушының мәртебесі (адал импорттаушы/тасымалдаушы, уәкілетті экономикалық оператор) ескерілмейді.

Ресей Федерациясының кеден органдары алып жүретін автокөлік құралдарын қабылдап алу-беру көрсетілген өткізу пункттерінде халықаралық тасымалдауды алып жүретін көлік құралдарын қабылдап алу-беру қолданыстағы Технологияға  сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Бақылаудың (алып жүрудің) аталған түрі Украинадан РФ арқылы транзитпен өтетін украинада шығарылған барлық тауарларға де сондай-ақ жөнелтуші елі Украина болып табылатын, үшінші елдерден келе жатқан барлық тауарларға қолданылатын болады.

Сонымен қатар, Ресей ФКҚ ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетін, қазақстан компанияларының украина контрагенттерімен келісім-шарттарынан мәліметтерді ресей тарапына беруі, Украинадан Қазақстан Республикасына келе жатқан автокөлік құралдарының кедергісіз өту шарттарының бірі болып табылатын туралы хабардар етті.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті қазіргі уақытта Ресей ФКҚ-мен адал тасымалдаушылардың, уәкілетті экономикалық операторлардың және инвесторлардың атына келетін транзит жүктердің кедергісіз өтуі туралы мәселені пысықтауда.

http://kgd.gov.kz/kk/news/kazakstan-respublikasy-karzhy-ministrligi-meml...