Жарияланған күні: 08.05.2015 19:54
Өзгертілген күні: 22.05.2015 16:37

 

Тексерулер түрлері.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 627 бабы 9 бөліміне сәйкес тексерістер іріктеп тексеру және жоспардан тыс тексеру болып бөлінеді

Іріктеу тексерісін тағайындау барысында тексеру жүргізу басталғанға дейін күнтізбелік 30 күн бұрын  салықтөлеушіге тексеру туралы хабарламаны  табыстау қарастырылған.

 

Тексеру жүргізудің мерзімі.

-нұсқама тапсырылған кезден бастап 30 жұмыс күннен аспауға тиіс.

Салықтық тексеру жүргізу мерзімін ұзартуы мүмкін:

-тексеруді тағайындаған салық органы – 45 жұмыс күніне дейін;

-жоғары тұрған салық қызметі органы – 60 жұмыс күніне дейін;

-құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және ҚР орналасқан жері бір орыннан асатын жағдайда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер үшін:

- тексеруді тағайындаған салық органы – 75 жұмыс күніне дейін;

- жоғары тұрған салық қызметі органы - 180 жұмыс күніне дейін.

 

Тексеру мерзімі.

Құжаттық тексеруге жататын мерзім Салық кодексінің 46 бабына сәйкес талап қою мерзімінен аспауы керек.

 

Салықтық тексеру нәтижесі туралы хабарлама.

Салықтық тексеріс нәтижесінде бұзушылық анықталған жағдайда салықтөлеушіге салықтық тексеру нәтижесі туралы хабарлама Салық кодексінің 607 бабымен қаралған мерзімде жолданады.