Жарияланған күні: 01.11.2016 17:19
Өзгертілген күні: 01.11.2016 17:19

             СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС  ТОЛАСТАМАЙДЫ

 

      «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң негізінен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алуға, олардың жолын кесуге, кінәлілерді жауапқа тарту арқылы лауазымды адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталған.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен тікелей айналысатын прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден, шекара қызметтері, қаржы және әскери полиция секілді арнайы органдар бар. Бірақ, бұл тек қана осы органдардың қызметі деп түсінсек, қателесеміз. Сыбайлас жемқорлықпен әрбір мемлекеттік орган, әр мемлекеттік қызметші күресуі тиіс. Сонда ғана қоғам үшін қауіпті болып табылатын дертпен өз дәрежесінде күресіп, өз құқығымыздың бұзылмауына қол жеткізе аламыз.

    Текелі қаласы бойынша  мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізіліп келеді. Атап айтар болсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының сақталынуы бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, аталған жоспардан туындайтын мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

    Мемлекеттік кірістер басқармасының құқықтық-ұйымдастыру жұмыстары және мәжбүрлеп өндіру бөлімінің мамандары тарапынан басқарма қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық көріністеріне тосқауыл қою, жемқорлық фактілерін болдырмау, сыбайластық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде техникалық оқулар оқып, кеңестер беру ұдайы жүргізіліп тұрады.

 

                 Текелі қаласы бойынша  мемлекеттік кірістер басқармасы