Жарияланған күні: 18.09.2017 16:23
Өзгертілген күні: 18.09.2017 16:28

            Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы  мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Достық» кеденінің Жедел кезекшілік қызмет бөлімінің жетекші маман-офицері  C-GDO-6 (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Экономикалық қызмет ортасында қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды өңдеу және шаралар қолдану, экономикалық қылмыстар алдын-алу бойынша шараларға ұйымдастыру және қатысу, мемлекеттік органдармен, өкіметтік емес органдармен, бизнес құрылымдармен Экономикалық қылмыстарды тергеу қызметі бойынша туындаған сурақтар бойынша әрекеттесу жүргізу.

Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қазақстан Республикасының Қылмыстық - процесуалдық, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерін, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқық  қорғау қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңдарын, сондай-ақ,  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білу. Полиграфологиялық зерттеу және жеке басының құзыреті бойынша тестілеуден  міндетті түрде өту қажет.        

Конкурсты өткізу ережесі және құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы»2014 жылғы 17 қарашадағы №498 бұйрығымен бекітілген . 

            Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2017 жылдың 15 қыркүйегінен 28-ін қоса есептегенде,  10 жұмыс күні ішінде. 

Құжаттар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің «Достық» кеденінің Адам ресурстары басқармасында қағаз жүзінде қабылданады, 040212, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық кенті, «Т» паркі, тел./факс: (872833) 32037, электрондық пошта: b.bilisbekov@kgd.gov.kz, ku.segizbaeva@kgd.gov.kz

            Конкурсқа қатысу үшін электрондық пошта арқылы құжат тапсырған азаматтар құжаттардың түпнұсқасын тестілеу өтуге бір жұмыс күні қалғанға дейін ұсынады.

   Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар саны   

  1. нысандағы өтініш;
  2. нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ

(нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);
            3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесін;
            4) бiлiмi туралы құжаттардың (диплом мен қосымшаның) көшiрмесiн;
            5) әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылғаны туралы құжаттарының көшiрмесi;
           6) өлшемі 3х4 фотосуретін (4 дана);
           7) нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен және басылып шығарылған жазылған өмірбаян;
           8) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
           9) құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының соттылығы, бір жылдың ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібінде әкімшілік жауапкершілікке, сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы анықтама;
          10) үміткердің және оның жұбайының (зайыбының) «Сыбайлас жемқорлық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғанын растайтын құжаттар;

11) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

12) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

            Құжаттардың көшірмелерін қабылдау кезінде салыстыру үшін олардың түпнұсқалары қарастырылады немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері қабылданады.
            Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурстық комиссиямен оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
            Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
           Азаматтар  құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы бере алады.
            Конкурс кезеңдері туралы мәлімет Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің  жалпыға көрінетін жерде ақпараттық стендтерінде, сондай-ақ, интернет-ресурста да орналастырылатын болады.