Жарияланған күні: 10.09.2015 10:53
Өзгертілген күні: 10.09.2015 10:55

Қазақстан Республикасының аумағына Қырғыз Республикасының аумағынан тауар импортын жүзеге асырушы салық төлеушілерге арналған жаднама

 

2014жылдың 29 мамырындағы Еваразиялық экономикалық одақ туралы Келісімге сәйкес бір мүше мемлекеттің аумағына басқа мүше мемлекеттің аумағынан тауар импорты кезінде, акциздік маркалармен таңбалануға жататын (есептік-бақылау маркаларымен, белгілермен) тауар бөлігінде, егер осы мүше мемлекеттің заңнамасымен басқаша белгіленбесе, жанама салықтар аумағына тауар импортталатын мүше мемлекеттің салық органдарымен өндіріледі.      

Қырғыз Республикасының 2014жылдың 29 мамырындағы Еваразиялық экономикалық одақ туралы Келісімге қосылу мен Келісім 2015 жылдың 12 тамызында күшіне енді.  

Қазақстан Республикасының аумағына Қырғыз Республикасының аумағынан тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, өзінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына қағаз жеткізгіште және электрондық түрде не электрондық түрде табыс етуге міндетті.

Салық төлеуші салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациясымен бір мезгілде тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенін растайтын құжаттар туралы өтінішті (өтініштерді) қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық түрде не электрондық түрде табыс етеді. Өтінішке  әкелуді және импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың іс жүзінде төленгенін растайтын құжаттар (жанама салықтардың іс жүзінде төленгенін растайтын банктің үзінді көшірмесі, ілеспе жүкқұжат, шарттар (келісімшарт), шот-фактуралар және басқалар) тіркеледі.

Декларация қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық түрде немесе электрондық түрде Қырғыз Республикасының аумағынан тауар импорттаушы тұлғалармен, тауарлар ҚҚС-нан босатылумен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген өзге түрдегі төлеммен, және тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке салық төлеуші өзгертулермен толықтырулар енгізген жағдайда және есепке алынғанын бір ай өткеннен соң импортталған тауарлардың бағасының ұлғаю бағытына өзгертуде табыс етіледі.