Жарияланған күні: 23.05.2018 09:54
Өзгертілген күні: 23.05.2018 09:58

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін

барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды (23.05.2018-25.05.2018 қоса есептегенде)

 

        Индекс 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров  көшесі, 113, анықтама телефоны: (87282)24-34-79, 24-19-17, факс 24-34-79, электрондық мекенжайы: sh.musabaeva@kgd.gov.kz, shmusabaeva@taxalmaty.mgd.kz, БСН 141140000549,

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Қажетті құжаттардың тізбесі:

         Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

          Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

         Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

         Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

         Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

       Әңгімелесуге жіберілген және оң нәтиже алған кандидаттар тізімі Alm.kgd.gov.kz сайтында жарияланады (департамент туралы-кадрлық қамтамасыз ету)

С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

      6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.

     Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

83 282

112 431

 

 

1. Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы Қосылған құн салығын әкімшілендіру бөлімінің бас маманы,  С-О-5 санаты, 1 бірлік,№ ЖСӘБ 1-2-1

Қызметтік міндеттері:Импортталатын тауарларға ҚҚС–ын төлеу мерзіміне өзгерістер енгізудің заңдылығын бақылау. Импорт бойынша салық декларацияларын қабылдау, импорттық тауарлар әкелімі туралы өтініштерді қабылдау. Импорт және экспорт бойынша статистикалық декларацияларды қабылдау.  ҚҚС қайтарудың әкімшілігін жүргізу, өндіріп алу, түсуі мен заңдылығын бақылау. Салық заңдылықтарын қолдану жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, салық төлеушілердің хаттарын қарайды. Салық заңдылықтарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар ұсынады және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заңға сәйкес салық заңдылықтарын насихаттау.Салықтық тексерулер жүргізу: құжаттық оның ішінде тақырыптық және қарсы тексеру. Техникалық сабақ жоспары бойынша сабақ өткізу. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

 

2.Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының мемлекеттік қызмет көрсетулер сапасын бақылау бөлімінің  бас маманы(уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша еңбек демалысы уақытына 2019 жылдың 12-шілдесіне дейін),  С-О-5 санаты,            1 бірлік, №МҚКБ 1-2-1

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

Қызметтік міндеттері:  Тексеру актілерінің ескертпелері  бойынша салық төлеушілердің шағымын қарау. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы салық заңдылықтарын насихаттау жұмысын жүргізу.Салық тексерулері бойынша апелляциялық шағымдарды қарау, салық заңдылықтарын дұрыс қолдануды қамтамасыз ету.  Техникалық сабақтың жоспары мен көпшілік-түсіндірме жұмысы бойынша есептілік дайындау.Салық заңдылықтарын дұрыс және біркелкі қолдану мәселелерін түсіндіру, хаттар, арыздар мен шағымдарды дұрыс және сапалы қарау жұмыстарын қамтамасыз ету. Салық заңдылықтарын қолдану бойынша салық төлеушілермен түсініктеме жұмыстарын жүргізеді.Салық төлеушілердің салық заңдылықтарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ халықаралық салық салу мәселелері бойынша ҚР ҚМСК-нің жүргізетін салықтық тексерулеріне қатысу. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша заңды және жеке тұлғалардың келіспеушіліктері мен талаптарын қарау жұмысына қатысу. ҚР резидент еместердің салық төлеуден бұлтаруына жол бермеу жұмыстарын жүргізу. Компьютерде жұмыс істей білу.Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

 

3. Талдау және тәуекелдер басқармасының тәуекелдер бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша еңбек демалысы уақытына 2020 жылдың 17-желтоқсанына дейін) С-О-5 санаты, 1 бірлік, №ТжТБ 1-2-1

        Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

        Қызметтік міндеттері: Тапсырмалардың орындалу тәртібін бақылау және ұйымдастыру, кіріс түрлері бойынша бюджетке түсетін мемлекеттік кірістің ағымдағы және болашақтағы  түсу болжамын дайындау, ақпараттық-талдау және мониторинг жұмысының түрлері мен әдістерін білу. Салықтар мен төлемдерді болжау бойынша жұмыстарға қатысу және үйлестіру. Жиынтық талдамалы материалдарды болжау нәтижелері бойынша құрастыру.Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.