Жарияланған күні: 21.09.2018 10:37
Өзгертілген күні: 21.09.2018 10:43

Балқаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік  қызметшілері арасында  ішкі конкурс жариялайды (24.09-26.09.2018 ж қоса есептегенде)

БСН   020740001571,   040300,   Алматы   облысы   Баканас   ауылы,   Конаев  көшесі,  75    анықтама       телефоны:   (872773)   91-4-51,   91-7-81,    факс    (872773)91-333, электрондық мекен жайы: Balhash@taxalmaty.mgd.kz. Gnildibaeva@taxalmaty.mgd.kzg.nildibaeva@kgd.gov.kz.

 

1. Есептеу, талдау және ақпараттық технологиялар   бөлімінің  бас маманы, (1 бірлік),  С-R-4 санаты, №04-2-1.

         Қызметтік міндеттері: Құжаттарды ҚР ТСАЖ (ИНИС РК), ҚҚС АЖ (ИС НДС), ЖтбАЖ (ИСИД), ХКЖЖ (СГДС) және СЕЭН (ЭФНО) ақпараттық жүйелерінің көмегімен қабылдап, өңдеуді қамтамасыз ету. Ақпараттық жүйенің дұрыс,  үздіксіз және сенімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Ақпараттық жүйенің тоқтау қатерін минимумға келтіру. Ақпараттық тасмалдаушыларды қадағалау және оларды сыртқы күштерден бұзылуынан сақтандыруды қамтамасыз ету. Ақпараттық қордың қауіпсіздігін сақтауда пайдаланушыларға жобалық шектеу енгізу. Жаңа пайдаланушыларды енгізу. Пайдаланушы дәрежесінің өзгеруіне байланысты ақпараттық қорды пайдалану рұқсаты және шектеуін қадағалау. Қор деректеріне профилактикалық қызмет көрсету. Электронды пошта жүйесіне әкімшілік  жүргізу Электронды пошта, желілер әкімшілігін жүргізу, вирусқа қарсы бағдарламаны білу, деректер қорымен жұмыс жасау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық және құқықтық, техникалық (ақпараттық жүйелер) білім,  мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.

         Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-R-4

73288

99106

C-R-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

          Жоғары білім,

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президент туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын,  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

  Құжаттарды қабылдау мерзімі: 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап.

Қажетті құжаттардың тізбесі:

         Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы, не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

         Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

         1) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

         2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

         Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

         Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

          Әңгiмелесу өткiзудiң орны: Балқаш ауданы, Баканас ауылы, Қонаев көшесі, 75.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

 

 

 

«Б» корпусыныңмемлекеттік
әкімшіліклауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына 2-қосымша  
__________________________

__________________________

__________________________
(мемлекеттік орган)   

 

 

Өтініш

 

         Мені_________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуғажіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізужәне конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

         Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

         Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________                                    Мекен жайы және байланыс телефоны ________________________________________

_____________________________________________________________________

 

 

________                                      ______________________________                       қолы                                                                                 (Т.А.Ә. (болғанжағдайда)

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.