Жарияланған күні: 18.03.2016 17:26
Өзгертілген күні: 18.03.2016 17:27

Арнайы декларацияны  кім тапсырады?

Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және  Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының жаңа Заңында  «арнайы декларация» мағынасы пайда болды.

Яғни, Заңның  1 бабы, 6) тармақшасына сәйкес мүлікті жария ету туралы декларация (бұдан әрі – арнайы декларация) – жария ету субъектілерінің осы Заңда белгіленген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарына қағаз жеткізгіште тапсыратын декларациясы.

Осы декларацияны жария ететін тұлғалар тапсырады:

Қазақстан Республикасы аумағынан  тысқары, сонымен қатар басқа тұлғаға ресімделген  ақшалар, мүлік (ақшадан басқа);

Қазақстан Республикасы аумағындағы, сонымен қатар басқа тұлғаға немесе  жария ету субъектісіне   ресімделген  ақшалар, мүлік (ақшадан басқа);

Сонымен қатар, шекарадан ары орналасқан, мүлікті жария ету, сондай-ақ почтаның Ұлттық операторында екінші дейңгейлік  банкта ағымдағы шотқа оны қоспастан ақшаны жария еткенде (аудару), декларацияны тапсырғанға дейін заңдастырылатын мүлік құнынан 10 % мөлшерінде, алым төлеу қажет.

Арнайы декларация жаряи етілетін субъектінің  тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер  органына тапсырылады.

Арнайы декларацияға ақпаратты растайтын, құжаттар және (немесе) мәліметтер қоса ұысынлады.

Тапсырылатын  арнайы декларациялар саны шектелмеген: әр объектіге декларацияны  тапсыру мүмкіндігін атап өткім келеді.   

Жария ету субъектілері арнайы декларацияны мемлекеттік кіріс органына:

1) келу тәртібімен;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы ұсынуға;   

Арнайы декларацияны тапсыру тәсіліне қарай:

1) келу тәртібімен – мемлекеттік кіріс органы арнайы декларацияны алған күн;

2) пошта арқылы – мемлекеттік кіріс органының пошталық хат-хабарды қабылдағаны туралы белгі қойылған күн мемлекеттік кіріс органына ұсынған күн болып табылады.

Бұл ретте жария ету субъектісі осы Заңда белгіленген арнайы декларацияны тапсыру тәртібін, шарттарын және мерзімдерін, сондай-ақ  жария етілетін мүлікке қойылатын талаптарды сақтамаған жағдайда мемлекеттік кіріс органы себебін көрсете отырып, арнайы декларацияны қабылдаудан жазбаша бас тартуды арнайы декларацияны тапсырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде береді.

Мемлекеттік кіріс органы жария ету субъектісіне жазбаша бас тартуды жібермеген жағдайда арнайы декларация қабылданған деп есептеледі.

 

Арнайы декларация және оны толтыру ережесі http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500012391   сайтында орналастырылған