Жарияланған күні: 18.09.2018 19:02
Өзгертілген күні: 18.09.2018 19:05
 

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы  мемлекеттік органның мемлекеттік қызметкерлері  арасында ішкі конкурс  жариялайды (19.09-21.09.2018 ж қоса есептегенде)

 

        Индекс 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров  көшесі, 113, анықтама телефоны: (87282)24-34-79, 24-19-17, факс 24-34-79, электрондық мекенжайы: e.nugmanova@kgd.gov.kz, БСН 141140000549

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.(19.09-21.09.2018 ж қоса есептегенде)

         Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Қажетті құжаттардың тізбесі:

         Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

         Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

         Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілген және оң нәтиже алған кандидаттар тізімі Alm.kgd.gov.kz сайтында жарияланады (департамент туралы-кадрлық қамтамасыз ету).

С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

         1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

         2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

         3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

         4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

         5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

         6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

         7) ғылыми дәрежесінің болуы.

     Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

83 282

112 431

 

1. Талдау және  тәуекелдер басқармасының Мемлекеттік кірістерді талдау бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша еңбек демалысы уақытына 18.12.2018 ж дейін),  С-О-5 санаты,  1 бірлік, № ТжТБ 2-2-1.            

Қызметтік міндеттері: Мемлекеттік кіріс түсімінің, кіріс түрлері бойынша берешектің ағымдағы жағдайын талдау.

Тапсырмалардың орындалу тәртібін бақылау және ұйымдастыру, кіріс түрлері бойынша бюджетке түсетін мемлекеттік кірістің ағымдағы және болашақтағы  түсу болжамын дайындау, ақпараттық-талдау және мониторинг жұмысының түрлері мен әдістерін білу.  Қірістердің бекітілген түрлері бойынша талдау жүргізу. Төлемдер түрлерінің болжамы бойынша есеп-айырысуды құрастыру. Өз құзыреті шегінде салық заңнамасын түсіндіру.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсырылуын қадағалау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

2.Адам ресурстары  басқармасының қызметтік тергеу бөлімінің бас маманы,С-О-5 санаты, 1бірлік, №АРБ -2-2-1

Қызметтік міндеттері: Мемлекеттік кіріс департаменті, аумақтық Мемлекеттік кіріс  басқармаларының лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне шағымдар мен өтініштерді қарау. Салық төлеушілер мен азаматтардан түскен хаттар, арыздар мен өтініштер, сондай-ақ сенім телефоны, шағымдардың электронды кітабы бойынша Мемлекеттік кіріс  департаменті мен аумақтық Мемлекеттік кіріс  басқармалары қызметкерлерінің әрекетін (әрекетсіздік) ҚР заңдылықтары талаптарына сәйкес тексерулер мен қызметтік тексерулерге қатысу.  (әрекетсіздік) шағымдар мен өтініштерді карау. Өз құзыреті шегінде еңбек заңнамасын түсіндіру.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсыру.Компьютерде жұмыс істей білу, мемлекеттік және орыс тілін іскерлік  деңгейінде білу 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

3. Борыштармен  жұмыс  басқармасы оңалту және банкроттық бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, С-О-5 санаты, №БЖБ 2-2-1

Қызметтік міндеттері: Конкурстық, оңалту басқарушыларының және сырттай байқау әкімшісінің жұмыстары туралы есептеріне талдау жасау. Конкурстық, оңалту басқарушылардың және сырттай байқау әкімшісінің жұмыстарына жоспар бойынша және жоспардан тыс тексерулер жүргізуге қатысу.Банкроттық туралы заңнаманың талаптарын бұзған конкурстық, оңалту басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісіне шеттету туралы ұсыныс енгізу. Басқарма есептерін Мемлекеттік кірістер комитетіне, мемлекеттік мекемелерге  сапалы және уақытылы дайындалуын ұйымдастыру.Төлем қабілеті жоқ ұйымдардың және жоқ борышкерлердің  қаржылық жағдайын анықтау үшін жедел талдау жүргізу. «Банкроттау және тарату рәсімін жүргізу» республикалық бюджеттік бағдарламасының аясында банкрот деп танылған төлем қабілеті жоқ және мүліксіз борышкердің тарату рәсімінің орындалу кестесіне бақылау жүргізу.Банкроттық заңнамаларды іске асыру бойынша сот, жергілікті орындаушы органдармен қарым-қатынасты қамтамасыз ету.Конкурстық массаны сату кезінде, «Банкроттық туралы” Заңның iс жүзiнде дұрыс қолданылуын  қадағалау.Өз құзыреті шегінде кеден заңнамасын түсіндіру.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсыру.Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

4. Камералдық бақылау басқармасы № 2 Камералдық бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, № КББ 2-2-1

Қызметтік міндеттері: Аумақтық басқармалардың салық есептілігін қабылдау және өндеу жұмысын қадағалау. Аумақтық  басқармаларға ақпараттық жүйелерімен жұмыс жөнінде әдістемелік көмек көрсету. Басқарма  құзыры шегінде аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармаларының бақылау-экономикалық жұмыс жағдайын тексерулерге қатысу; салық есептілігінің нысандары мен камералдық бақылауларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Камералдық бақылаулар нәтижелерін өңдеу бойынша жинақтау және талдау. Салық  заңнамасы және салық есептілігі нысандары мәселелері бойынша нұсқамалық материалдарды оқып-үйрену және қолдану бойынша аумақтық салық органдарына практикалық көмек көрсету.Өз құзыреті шегінде салық заңнамасын түсіндіру.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсыру. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық, кеден ісі білімі.

5. Аудит басқармасы № 3 аудит бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 4 бірлік, № АБ 3-2-1-№ АБ 3-2-4

Қызметтік міндеттері: Салық есебін жүргізу, қолданыстағы Жарлықтар мен ережелерді, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың кірісіне салық салу мәселелері бойынша нұсқаулықты дұрыс қолдануды бақылау және ұйымдастыру.Салықтық тексерулер жүргізу: құжаттық, рейдтік, хронометраждық зерттеу. Техникалық сабақ жоспары бойынша сабақ өткізу. Салық заңдылықтарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар ұсынады және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заңға сәйкес салық заңдылықтарын насихаттау.Өз құзыреті шегінде салық заңнамасын түсіндіру.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсыру.

Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білімі.

6. Тарифтік реттеу басқармасы кедендік кұн бөлімінін бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша еңбек демалысы уақытына 27.04.2021 ж дейін), С-О-5 санаты, 1 бірлік, № ТРБ 1-2-1

Қызметтік міндеттері: Тарифті реттеу шаралары, тауарларды жіктеу және кедендік күнды анықтаудың Кеден одағы және Қазакстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыстығына бақылау бойынша әкімшіктендіруді жүргізу, тауардын кедендік күнын анықтау, сонымен қатар, аныкталған әдістің дұрыстығы мен берілген кедендік кұнның құрылысын бақылау; тауарға арналған декларациялардың әкімшілендірілген шығарылатын тауарлар мен көлік кұралдарынын кедендік кұн бойынша талдау жүргізу; тауарды жіктеу бойынша алдын-ала шешімдерін, тауарды жіктеу бойынша кеден органының шешімі. КО СЭҚТН коды бойынша қорытынды шығарады; белгіленген нысанда есеп беру. Бөлімнің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша СЭҚ қатысушыларының өтініштерін уақытысында және объективті қаралу жұмысын іске асырады; кедендік төлемдер мен салықтар бойынша есептердің Салыстыру актісін тексеру, сондай-ақ  сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өтініштері бойынша Растау беру; Бөлімнің құзыретіне кіретін. сұрақтар бойынша талдау және өзгеде акпараттарды дайындау; кедендік төлемдер мен салыктарды өндіріп алу сұрақтарын ретке келтіретін. кеден заңнамалары мен езгеде нормативтік құкықтық актілердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру; пластикалықтөлем карталар кұралымен төленген кеденлік төлемдер мен салыктардың түсуіне бақылауды жүзеге асыру; депозиттік шоттардан аударылған сомаларды және депозит шоттарының сомалары бойынша жеке шоттар бойынша тартуды жургізу.Өз құзыреті шегінде кеден заңнамасын түсіндіру.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсыру

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білімі.

Әңгімелесу өтетін орны:  Талдықорған қаласы, Жансүгіров  көшесі, 113.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
 

                                                                                                                 Нысан

________________________
 (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

     

Мені_______________________________________________________________
________________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып  отырған  құжаттарымның  дәйектілігіне  жауап  беремін.

         Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

     

Мекен- жайы   және байланыс телефоны  ________________________                   

_______________________________________________________________

 

_______ __________________________________
  (қолы)                                                                     (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.