Date of publication: 14.05.2019 12:17
Date of changing: 14.05.2019 12:19

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және Талдықорған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері бірқатар сауда үйлеріне, қала тұрғындарының сүйікті демалыс орны Арбатқа барып, "Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал!" 100 күн 100 смартфон!!! Акциясына белсенді қатысуларына шақыра отырып,  әрқайсысында смартфон ұтып алу мүмкіндігі бар екендігін азаматтарға хабарлады.

"Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал" Акциясы 1 мамыр күні басталып, 2019 жылдың 8 тамызына дейін жалғасады.

"Таңдау" мобильді қосымшасын Google Play market арқылы жүктеуге болады, қосымшада қатысушы мәліметтерін және алынған чекті тіркеу қажет.

Жеңімпаз кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анықталады. Акцияның толық шарттары мен қосымшасымен жұмыс істеу нұсқаулығын науқан сайтынан көруге болады. www.trebui.kz ескерту.