Date of publication: 27.11.2015 18:23
Date of changing: 04.12.2015 11:47

Этил спиртін және алкогольдік өнімдерді өндіруші

салық төлеушілердің назарына!

 

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 429 Заңының 7 бабының 5 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап шарап материалын, сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін технологиялық желілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен (ЕАБА) жарақтандырмай өндіруге тыйым салынатыны туралы естеріңізге салады.

Сонымен бірге, «Шарап материалы, сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 498 бұйрығы (осыдан кейін - Қағидалар) күшіне енді.

Бұл жерде Қағидалардың 6 тармағына сәйкес, ЕАБА-н сатып алу, орнату, қызмет көрсету, жөндеу және олардың құрамын, қосалқы бөлшектерін сатып алу, оларды  жалпы қолданыстағы телекоммуникация жүйелерімен қамтамасыз ету этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірушілермен іске асырылады.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 282 бабының 5 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, шарап материалы, сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра өндiрiсiнен басқа этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін  есепке алудың бақылау аспаптарынсыз өндіру көлемдері туралы ақпаратты уәкілетті органға автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын спирт өлшейтін аппараттармен және (немесе) есепке алудың бақылау аспаптарымен өндіру тиiстi қызмет түрiне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатынын естеріңізге саламыз.