Date of publication: 04.12.2018 11:15
Date of changing: 11.12.2018 09:37

Контейнерлік тасымалдарды бақылау жөніндегі Ғаламдық бағдарламаның іс-шаралар жоспары шеңберінде, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Алтынкөл" кеден бекетінің базасында БҰҰ есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының аймақтық өкілдігінің қатысуымен порттық бақылау тобының ашылуы өтті.

Салтанатты рәсімге БҰҰ Орталық Азиядағы ҰКО өңірлік өкілі Ашита Миттал ханым, Орталық Азиядағы ПККП өңірлік үйлестірушісі Батыр Гельдыев, Ұлттық бағдарламалық қызметкер Динара Ерниязова, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сырым Дынбаев және бағдарламаның донор-елдерінің өкілдері қатысты.

Порттық бақылау тобы БҰҰ есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) және кеден бекетінде контейнерлік бақылау жөніндегі Дүниежүзілік кеден ұйымының ғаламдық бағдарламасы шеңберінде күзет орны қызметкерлері қатарынан құрылады, сондай-ақ заңды сауданы жүзеге асыруға жәрдем көрсете отырып, жоғары қауіп төндіретін контейнерлерді жүйелі түрде анықтау үшін оқытылады және тиісті түрде жарақтандырылады. Контейнерлік бағдарлама жүзеге асырылған елдердің тәжірибесі өте жақсы нәтиже береді.

Бағдарламаның жетістіктері контейнерлерді бейіндеу бойынша арнайы, мақсатты топтар құру қажеттілігін растады.

Бағдарлама шеңберінде құқық қорғау органдарының іріктелген персоналдарына тәуекелдерді талдау техникасын және бейіндеудің басқа да қазіргі заманғы әдістерін пайдалана отырып, жоғары қауіпті контейнерлерді табу, сәйкестендіру және тексеру оқытылады.

Алтынкөл кеден бекетінде порттық бақылау тобын құру идеясын 2017 жылы Мемлекеттік кірістер комитеті қолдады, сол уақыттан бастап БҰҰ ЕҚБ қызметкерлерінің кеден бекетінде бағалау миссиясы да өткізілді, сондай – ақ күзет қызметкерлері үшін екі тренинг-ағымдағы жылдың ақпан және маусым айларында теориялық және практикалық тренингтер, нәтижесінде 2018 жылдың қараша айында Топтың ашылуы заңды болды.

Қазақстандық тараппен бейіндеу жөніндегі топтың жұмысы үшін БҰҰ ЕҚБ және Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің тарапынан компьютерлік жабдықтармен және инспекциялық-тексеру құралдарымен жабдықталған Алтынкөл кеден бекетіне үй-жай бөлінді.

Бұл Қазақстанда құрылған екінші топ, ұқсас топтар Батыс Қазақстанда сәтті жұмыс істеуде – теңіз порты кеден бекетінде 2016 жылдан бастап жұмыс істейді.