Date of publication: 08.05.2015 17:33
Date of changing: 08.05.2015 17:34

Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексінің (бұдан ары - Салық кодексі) 20 бабаының 1 тармағы 27 тармақшасына сәйкес, салық органдары Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық  туралы кодексінде (бұдан ары – ҚР ӘҚБТК) белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартуға міндетті.  

         Қазақстан Республикасының 01.01.2015 ж. бастап күшіне еңгізілген Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы кодексінде салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар 16 – тараумен белгіленген.

ҚР ӘҚБТК 720-бабы боыйнша, салық қызметi органдары                         осы Кодекстiң  91 (алтыншы, жетінші, сегізінші                                 бөліктерінде),  92 (екінші, үшінші, төртінші   бөліктерінде), 177,  179,  180, 181, 195, 205, 266, 269, 270, 271, 272, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 281 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде),  284,  285,  286,  287,  288,  464 (бiрiншi бөлiгiнде), 471, 472, 474-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.      

ҚР ӘҚБТК 804-бабының 1 тармағы, 31 тармақшасы бойынша, салық қызметi органдарының 176, 182, 183, 200 (үшінші және төртінші бөліктері), 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері), 282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктері) баптарында көрсетілген  соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды.

ҚР ӘҚБТК 806-бабы  бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталғаннан кейін дереу жасалады.

         ҚР ӘҚБТК 812-бабы  бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс оның жасалєан жерi бойынша, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы iсті қарау ведомстволық бағыныстылығына жататын лауазымды адамның (уәкілетті мемлекеттік органның) орналасқан жері бойынша қаралады. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның өтінішхаты бойынша іс осы тұлғаның тұрғылықты жері бойынша қаралуы мүмкін.

         ҚР ӘҚБТК 817-бабы  бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық  туралы iстер iстi қарауға құқылы судья, орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық  туралы хаттаманы және iстiң басқа да материалдарын алған күннен бастап он бес тәулік ішінде қарайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiшхаттар түскен жағдайда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде iстi қарап жатқан судья, орган (лауазымды адам) iстiң қаралу мерзiмiн ұзартуы, бiрақ бiр айдан аспайтындай етіп ұзартуы мүмкiн. Мерзімді ұзарту туралы уәжді ұйғарым шығарылады.

ҚР ӘҚБтК-нің 821-бабына сәйкес әкiмшiлiкқұқық бұзушылықтуралыiстiқарап, судья, орган (лауазымдыадам) мынадай:

1) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы;

2) іс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы;

3) iстi осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн өзгеше түрде немесе мөлшерде жаза қолдануға құқылы судьяның, органның (лауазымды адамның) қарауына беру туралы, сондай-ақ осы Кодекстiң 812-бабында көзделген жағдайларда iстi көлiк құралының (кеменің, оның iшiнде шағын көлемдi кеменің) есепке алынған жері бойынша қарауға беру туралы қаулылардың бiрiн шығарады.

ҚР ӘҚБтК-нің 823-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы iс қаралып бiткен соң дереу жарияланады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өзіне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге, жеке тұлғаның заңды өкіліне, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаған уәкілетті органға (лауазымды адамға) қаулының көшірмесі ол жарияланған күннен бастап үш тәулік ішінде тапсырылады және (немесе) жіберіледі.

Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулы шығарылған жағдайда қаулының көшiрмесi прокурорға дереу жiберiледi.

ҚР ӘҚБтК-нің 897-бабымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салыққызметінің органы жіберген (тапсырған) салық органына келу туралы алынған хабардар ету және (немесе) хабарлама негізінде, құқық бұзушылықты жасау фактісін мойындаған және айыппұлды төлеумен келіскен тұлға хабардар ету немесе хабарлама алынған (тапсырылған) күннен кейінгі күннен бастап он тәулік ішінде айыппұлды төлейді деп белгіленген.

ҚР ӘҚБтК-нің 832-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылыққаулының көшiрмесi тапсырылған күннен бастап он тәулік iшiнде, ал егер осы Кодекстiң 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған тұлғалар iстi қарауға қатыспаса, оны алған күннен бастап берiлуi мүмкiн.

ҚР ӘҚБтК-нің 827-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және (немесе) мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотқа шағым жасалуы мүмкін. Жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) алдын ала жүгіну сотқа арыз беру және соттың оны қарауға және мәні бойынша шешуге қабылдауы үшін міндетті шарт болып табылмайды.

ҚР ӘҚБтК-нің 835-бабымен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық түскен күнінен бастап он тәулік ішінде қаралуға жатады.

ҚР ӘҚБтК-нің 838-бабының 1-бөлігімен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарап, судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) мынадай:

  1. қаулыны өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
  2. қаулыны өзгерту туралы;
  3. осы Кодекстiң 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде, сондай-аққаулы шығарылғанда негізге алынған мән-жайлар дәлелденбеген кезде қаулының күшiн жою және iстi тоқтату туралы;
  4. iс бойынша қаулының күшiн жою және жаңа қаулы шығару туралы;
  5. егер шағымды, наразылықты қарау кезiнде қаулыны құқығы жоқ судья, орган (лауазымды адам) шығарғаны анықталса, қаулының күшiн жою және iстi ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарауға жiберу туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.

Шағымды, наразылықты қарау нәтижелерi бойынша шешiм iс бойынша қаулыға шағым, наразылық бойынша қаулы түрiнде шығарылады.