Date of publication: 19.06.2019 14:53
Date of changing: 19.06.2019 14:53

Қапшағай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды

(19.06.2019ж.-21.06.2019ж. қоса есептегенде)

Индекс 040800, Алматы  облысы, Қапшағай қаласы, №5 ықшамауданы, №1 үй, анықтама телефоны: (8-72772) 4-18-54, факс 4-12-05, электрондық мекен жайы: Mzholymbetov@taxalmaty.mgd.kz, ma.zholymbetov@kgd.gov.kz

 

         Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

         Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

         1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

         2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Әңгімелесу өтетін орны: Қапшағай қаласы, №5 ықшамауданы, №1 үй.

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:  Байқаушы ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.        Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай - ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

 

1. Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73 288 теңгеден 99 106 теңгеге дейін), дейін, С-R-4 санаты (№ 07-2-2)

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, экономикалық және құқықтық, білімі,  мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.

Жоғарғы білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. 

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Атқаратын міндеттері: Мемлекеттік кіріс басқармасының заңды мүдделері мен құқығын қорғауды жүзеге асыру, прокуратураның ұсынысы бойынша уақытында шаралар қолдануды бақылау. Басқарманың тапсырмалардың орындалуы, сондай-ақ құпиялық тәртібіне талдау жасау. Құқық түріндегі бұйрық, шешім және басқа да құжаттарды дайындауға қатысу. Сот тексерулеріне қатысу, кассациялық және қадағалау шағымдарына қарсылықтар дайындау, Басқарманың талап-арыз жұмысын жүргізу, сот инстанцияларына шағымдар бойынша заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету.Өз құзыреті шегінде салық заңнамасын түсіндіру.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсырылуын қадағалау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

 

2. Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы,, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты                  73 288 теңгеден 99 106 теңгеге дейін), дейін, С-R-4санаты (№04-2-1)

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, экономикалық және құқықтық білімі,  мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.

Жоғарғы білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.     

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Атқаратын міндеттері: Құжаттарды тұтастандырылған салықтың ақпараттық жүйесі, салық есептілігін өңдеу жүйесі, ақпараттық жүйелерінің көмегімен кәбылдап, өңдеуді қамтамасыз ету.  Жеке тұлғалардан бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық және уақытылы енгізілуін, болжамның орындалуын бақылау.Ауданның жеке тұлға-салық төлеушілері  бойынша жер, мүлік, көлік салықтарының толық және уақытылы түсуін бақылау, олардың түсу динамикасын қадағалау.Өз құзыреті шегінде салық заңнамасын түсіндіру.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсырылуын қадағалау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

 

 

 

 «Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
 

__________________________
 (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

Мені______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

     

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________________________________________________________________________________________________________

 

________                                              ___________________________________
  (қолы)                                               (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

«___»_______________ 20 __ ж